• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 05:08:38
Алматы
+35°

Ресейдің 23 қаласында оппозициядағы саясаткер Алексей Навальныйға қолдау білдірген акция өтіп, 100–ден астам адам қамауға алынған. Ұсталғандардың төрттен бірі – кәмелетке толмағандар, деп мәлімдеді "ОВД-Инфо" құқық қорғау ұйымы. 

Мәскеуде акцияға шыққан 60 тан астам адам, ал Санкт–Петербургте 10 нан астам адам ұсталған. Қалған 30 ға жуық адам Ресейдің өзге 21 қаласынан қамауға алынған, деп хабарлады Азаттық радиосы.

Ресейдің Владимир қаласында қатаң режимдегі колонияда қамауда отырған оппозиционер Алексей Навальный 4 маусымда 47 жасқа толған болтаны. Акция өткізуге Ресей билігімен келісім бермеген. Алайда белсенділер жалғыз адамдық пикетке шығып, үгіт қағаздарын жапсырып, таратқан. Осылайша Навальныйды қолдайтынын түрлі жолдармен білдірген.

"Навальный командасының" мәлімдеуінше, мұндай акция Ресейден бөлек Австралияның Сидней, Мельбурн, Брисбен қалаларында, Жапония астанасы Токиода, Оңтүстік Кореяда, Таиландта және Еуропаның ондаған қаласында болған.

 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ресей навальный

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір