02 Маусым, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Еліміздің барлық мектебі төтене жағдайларға дайын емес. Жыл басынан бері білім беру мекемелерінде 50 мыңнан астам кемшілік анықталған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Сақтық шарасына салғырт қарағандар салдарынан соңғы 10 айда тілсіз жау 14 баланың өмірін жалмаған. Қайғылы жағдайлардың көбі өрт, иіс тиіп уланудан болған, деп хабарлады Аlmaty.tv.
Апаттың алдын алуға біздегі білім ошақтарының ешбірі дайын болмай шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпарынша, жыл басынан бері 5 мыңнан астам мектепке тексеріс жүргізіліпті. Нәтижесінде сақтық ережелерін ескермеген 50 мыңға жуық заңбұзушылық анықталған. Тіпті, 55 оқу ордасында қарапайым дабыл түймешегі де қойылмаған екен.
"Осы жылы мектептерде 4 өрт оқиғасы болды. Өрт кезінде 8 жағдайда автоматты дабыл жүйесі іске қосылып, 1 жағдайда жұмыс істемей қалды. Өрт қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзылуы өртті автоматты түрде анықтайтын дабылдың болмауынан орын алған", – деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов.
Қауіпсіздіктің сақталмауы көбіне мектеп жетіспеушілігінен болады. Кей өңірде сабақ әкімдік ғимаратында өтеді. Тар кабинеттің өзін әрең кәдеге жаратып отырғанда, сақтық шарасы шет қалып қоятын көрінеді.Соңғы 5 жылда тілсіз жау елімізде 776 баланың өмірін жалмаған. Биылдың өзінде 14 оқушы ажал құшыпты.
Заң бойынша мектепте тілсіз жаудың алдын алу талабы сақталмаған жағдайда бала оқытуға тыйым салынады. Алайда елдегі білім ошағының барлығы ережені ескермеген болып отыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір