• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:04:26
Алматы
+35°

Алматы аумағында үш сауықтыру лагері бар - «Юный Домостроитель», «Эдельвейс» және «Алматау», деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Биылғы жылы қала сыртындағы лагерьлерде 6500-ден астам баланы, мектеп жанында 30 мыңнан астам баланы сауықтыру жоспарланып отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында сауықтыру ұйымдарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар және балалардың лагерлерде уақыттарын қауіпсіз өткізуі талқыланды. 

«Балалардың жазғы сауықтыру ұйымдарында болу және оларды тамақтандыру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері өзекті болып қала береді, өйткені жаппай тамақтан улану мен ішек инфекцияларының туындау бөлігінде санитариялық-эпидемиологиялық қауіп төндіреді. Жазғы мектеп демалысы жақындаған сайын жазғы сауықтыру лагерьлерін, оның ішінде мектеп жанындағы жазғы алаңқайларды жазғы сауықтыру маусымына дайындау мәселелерінің өзектілігі атып отыр», - дейді Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гаухар Каткенова. 

Оның айтуынша, жұқпалы аурулардың алдын алу шараларының бірі - білікті және гигиеналық сауатты қызметкерлерді таңдау. 
Санитариялық қағидаларда  көрсетілгендей, лагерь аумағы қоршалған болуы керек. Сонымен қатар, объектілерде қауіпсіз ауыз су, ыстық сумен жабдықтау, канализация, жарықтандыру, желдету жүйелерімен қамтамасыз етілуі тиіс.

Барлық үй-жайлар таза болуы тиіс, жуғыш және дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, күнделікті тазалау жүргізілу керек. Лагерь жұмысы басталар алдында кеміргіштер мен жәндіктерге қарсы іс-шаралар жүргізілуі қажет. Нысандардың жиһаздары мен жабдықтары балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы тиіс.

«Жазғы уақытта балалар тез өседі. Осыған байланысты балалар дұрыс тамақтанып, физиологиялық ерекшеліктерін қанағаттандыруы керек.  Бұл объект басшысы бекіткен перспективті мәзір жасауды көздейді. Құнарлылығы бойынша перспективті мәзірге енгізілген тағамдар балалар ағзасының энергия шығындарын толтыруы керек.  Тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатын қабылдау олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар болған кезде жүзеге асырылады», - деп толықтырды спикер.

Объектінің жауапты адамдары тамақтандыру пунктіне қабылданған өнімнің сапасын, өнімді сақтау жағдайларын және мерзімдерінің сақталуын, тәуліктік үлгіні таңдау мен сақтаудың дұрыстығын, тағам дайындау технологиясының сақталуын, жеке қызметкерлер мен асхана кезекшілерінің гигиеналық қағидаларды сақтауын тексереді. Дайын тағамды тарату- медицина қызметкерінің дайын тағамдар сапасына органолептикалық бағалау жүргізуінен кейін жүзеге асырылуы тиіс. Күн сайын ас блогында дайын өнімнің тәуліктік сынамасы алынуы керек. 
Медицина қызметкерлері балалардың сырқаттанушылығын азайтуға және денсаулығын жақсартуға бағытталған сауықтыру шараларының кешенді жоспарын жасау керек.

«Сонымен қатар, үй-жайлардың, аумақтардың, суға түсу және спортпен айналысу орындарының дайындығын, балалардың денсаулығын динамикалық бақылауды, дене шынықтыру, сауықтыру, қызметкерлердің профилактикалық медициналық тексеруден уақтылы өтуін қадағалануы тиіс. Барлық қызметкерлердің жұмысқа қабылданғаны туралы белгісі бар жеке медициналық кітапшалары болу міндетті», - деп бөлісті спикер.

Сарапшы балалардың  денсаулығы дұрыс теңдестірілген тамақтанумен, дұрыс ұйқы, дене шынықтыру және дұрыс ұйымдастырылған күнделікті күн тәртібіне тікелей байланысты екенін атап өтті.

«Жазғы демалыс – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтетін уақыт. Жыл бойы білім нәрімен сусындаған жас жеткіншек, жазғы демалыста  сол жұмсаған күшінің орнын толтырып, денсаулығын нығайтып, ағзаны сауықтыру қажет. Сонымен қатар, жазғы демалыс  мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана-сезімінің, дүниетанымының дамып, жетілу кезеңі. Сол себепті де жазғы демалыс кезінде бала үшін денсаулығын нығайтуға қолайлы кез деп қарастырылып, оның дара тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау қажет. Жазғы демалыста бала уақытының көп бөлігін теледидар мен компьютердің алдында өткізбеу үшін ата-аналарға балаларын жазғы сауықтыру мекемелеріне жіберуге кеңес береміз», - деп келтірді ол.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы қаласы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір