• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 21:27:21
Алматы
+35°

VIII сайланған Мәжіліс депутаттары палатаның жалпы отырысында Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді. Олардың қатарында Ринат Зайытов пен Ермұрат Бапи да бар.

Ант беру рәсімінен кейін депутаттар Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап берді.   

"Қазір мен қарсы болған биліктің жартысы жоқ. Біз тек қазіргі үкіметпен жұмыс істеуді бастаймыз. Нәтижесі қандай болатыны белгісіз" – деп мәлімдеді Ринат Зайытов.

Оның айтуынша, парламент – эмоция көрсететін жер емес.  

"Менің аймақтарды аралап, халықпен кездескенімді барлығы көрді. Сайлауда "Аманат" толық жеңіске жетті деп айта аламын. Бұл шындық. Барлық жеті партияның арасынан "Аманат" жеңді", – деді ақын.

Ал оппозиционер Ермұрат Бапи болса Тоқаевтың қазіргі саясатын қолдағандықтан сайлауға түскенін айтты.

"Мен оппозиция өкілі ретінде Мәжіліске бірінші рет келдім. 1998 жылдан бері мұнда оппозиция болған жоқ. Халық үшін шайтанмен де жұмыс істеуге дайынмын" – деді ол.

Сонымен қатар депутат ретінде қамауда отырған саяси тұтқындарды босату мәселесін көтеретінін айтты.

Журналисттердің "сайлау әділ өтті деп ойлайсыз ба?" деген сұрағына "менің осы жерде тұрғаным – осы сұрақтың жауабы. Отыз жылда қалыптасқан бюрократияны бір сәтте жойып тастай алмаймыз. Сайлауда Назарбаев жүйесінің ықпалы болғанын жоққа шығармаймын" – деп жауап берді Ермұрат Бапи.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір