• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 18:12:55
Алматы
+35°

Бүгін тәуелсіз үміткерлер блогы сайлау қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. Баспасөз мәслихатына Мұхтар Тайжан, Альнұр Ильяшев, Батыр Адайбаев, Думан Мұхамедкәрім қатысты.

Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан сайлаудың әділетсіз өткенін мәлімдеді.

"Шынайы сайлау болмады. Бәрі – ойын, халықты алдау үшін жасалған қитұрқы әрекет. Қаңтар оқиғасынан соң Тоқаев "ескі жүйе жойылады" деп уәде берген еді. Бірақ оның әділет орнады дегені далбаса сөз болып шықты. Конституцияны бұзбаймыз, кезектен тыс сайлау өткізбейміз деген Тоқаев қыркүйек айында заңға қайшы сайлау өткізді. Мәжіліс сайлауының алдында да "әділ өтеді" деп уәде етті. Алайда сайлау кезінде ешқандай тәуелсіз партия тіркелмеді. Ескі Қазақстан – Тоқаевтың өзі. Биліктегілердің бәрі Назарбаевтың шәкірттері.  Заңсыздықтарды халықаралық ұйымдарға міндетті түрде жеткізетін боламыз", деді Мұхтар Тайжан. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір