• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:22:52
+35°

Кеше елімізде Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. Exit poll нәтижесі бойынша ең көп дауыс Аманатта - 53,46%, ең аз дауыс Байтақ партиясында - 3,22%.

Тәуелсіз бақылаушылар сайлаудың әділетсіз өткенін, заң бұзушылықтардың көп болғанын айтып наразылық білдіруде. Кеше түнде саясаттанушы, кандидат Санжар Боқаев сайлаудың заңсыз өткенін хабарлап, Орталық сайлау коммитетінен және президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан сайлау нәтижелерін жоюды талап етті.

Ал Бас прокуратура дауыс беру кезінде үш өңірде сайлау туралы заңнаманы бұзудың 9 фактісі тіркелгенін мәлімдеді.

Ресми дерекке сәйкес Алматы облысында Еңбекші қазақ, Жамбыл, Райымбек және Ұйғыр аудандарындағы сайлау учаскелерінде; Жетісу облысында Қаратал және Кербұлақ аудандарындағы учаскелерде; Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау және Жамбыл аудандарындағы учаскелерде заңсыздықтар болған. Аталған сайлау учаскелерінде комиссия мүшелері дауыс берушілердің өтініші бойынша туыстары үшін дауыс беруге бюллетеньдер беріліп, дауыс берудің тең құқықтылық талабы бұзылған.

Биылғы сайлау әділ өтті ме? Сіз қалай ойлайсыз?

 

Жауап нұсқалары:

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір