• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:53:43
Алматы
+35°

2019 жылдың маусымында өткен президент сайлауында екінші орын алған белгілі саясаткер Әміржан Қосанов Қамшы порталына эксклюзивті сұхбат берді. Сұхбатта ол өзінің бүгінгі өмірі туралы сөз тарқатып, елдегі бірқатар өзекті мәселелерге қатысты пікір білдірді.

Біздегі оппозицияның кемшілігін тарқата келе, өз жолында жіберген қателіктерімен де бөлісті. Сондай-ақ, бүгінгі саясаткерлердің, оның ішінде, сайлауға түсіп жатқан кандидаттардың өзінен кеңес алып жүргенін айтты. Бүгінгі шенділердің арасында кімдермен араласатынына да тоқталды.

«Ескі Қазақстан жалғасып келе жатыр, Жаңа Қазақстанға аяқ басарда кібіртіктеп тұрмыз. Жүйе жақсарып келе жатқан сияқты. Бірақ Тоқаев осы құраммен, осы саяси шешімдерімен қала берсе, Жаңа Қазақстанды көрмеуіміз мүмкін. Себебі жағымпаздықтың екінші кезеңі басталды. Ескі Қазақстан өкілдері Жаңа Қазақстанды құрып жатыр», - деп мәлімдеді Әміржан Қосанов.

Сұхбаттың толық нұсқасын Qamshy TV арнасынан көре аласыздар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір