• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:04:39
Алматы
+35°

Лос-Анжелестегі "Dolby" театрында америкалық кино өнері академиясының 95-ші марапаттау рәсімі өтті. 2023 жылдың алғашқы "Оскар" сыйлықтары табысталды. 

Алғашқы марапатталғандар:

Үздік анимациялық фильм – «Пиноккио» Гильермо дель Торо.

Үздік қосалқы актер – Ке Хюи Куан («Барлығы барлық жерде және бірден»)

Үздік қосалқы актриса – Джейми ли Кертис («Барлығы барлық жерде және бірден»)

Ең үздік қысқаметражды фильм – «Ирландша қоштасу» болды.

Үздік операторлық жұмыс – «Батыс майданда өзгеріс жоқ» фильмі (Джеймс Френд).

Ең үздік грим мен шаш үлгісі – «Кит» фильмі.

Үздік костюмдер – «Қара Пантера: Ваканда мәңгіге» фильмі.

Шет тіліндегі үздік фильм – «Батыс майданда өзгеріс жоқ» (Германия).

Үздік қысқаметражды деректі фильм – «Пілдер сиқыршысы»

Үздік қысқаметражды анимациялық фильм – «Бала, көртышқан, түлкі және жылқы».

Ең үздік қоюшы-дизайнер жұмысы – «Батыс майданда өзгеріс жоқ».

Үздік саундтрек – «Батыс майданда өзгеріс жоқ».

Үздік қоюшы-суретші жұмысы – «Батыс майданда өзгеріс жоқ».

Үздік визуалды эффектілер – «Аватар: Су жолы»

Үздік түпнұсқа сценарий – «Барлығы барлық жерде және бірден» (Все везде и сразу).

Үздік бейімделген сценарий – «Әйелдер сөйлеп тұр».

Үздік дыбыс – «Топ Ган: Мэверик».

Үздік ән – үндістандық RRR фильміндегі «Naatu Naatu» әні.

Үздік монтаж – «Барлығы барлық жерде және бірден».

Үздік режиссер – «Барлығы барлық жерде және бірден» фильмінің режиссерлері Дэниел Кван және Дэниел Шайнерт.

Үздік актер – Брендан Фрейзер («Кит»).

Үздік актриса – Мишель Йео («Барлығы барлық жерде және бірден»).

Үздік фильм – «Барлығы барлық жерде және бірден».

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Оскар 2023 премия

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір