• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:17:34
Алматы
+35°

Грузия билігі жаппай наразылық тудырған "Шетелдік ықпалдың ашықтығы туралы" заң жобасын кері қайтару туралы шешім қабылдады. Бұл туралы парламенттің көп бөлігін құрайтын және аталған заң жобасының бастамашысы болған "Халық күші" қоғамдық қозғалысының бірлескен мәлімдемесінде айтылды, деп жазады Sputnik Грузия

Аталған мәлімдемеде қабылданған заң жобасы қоғамда қарама-қайшы пікірлер тудырғаны атап өтілді. 

"Заң жобасы халыққа теріс түсіндірілді. Құжатқа "Ресей заңы" деген жалған атау тағылып, оның бірінші оқылымда қабылдануы жұртшылықтың бір бөлігінің көз алдында еуропалық бағыттан ауытқу ретінде ұсынылды. Сонымен қатар, радикалды күштер жастардың бір бөлігін заңсыз әрекеттерге тарта алды", - делінген тараптардың бірлескен мәлімдемесінде.

Бұдан бөлек мәлімдемеде радикалды күштердің жастарды заңсыз әрекеттерге итермегені айтылды. 

Айта кетейік, Грузия Парламенті бірінші оқылымда қабылданған «Шетел агенттері» туралы заңға сәйкес, 20 %-дан астам шетелден қаржыландырылатын барлық БАҚ және коммерциялық емес ұйымдар иноагенттер болып саналады. Сыншылар құжаттың жобасы Ресейдегі қолданыстағы заңнамаға ұқсас және Грузияны батыстан алшақтатады дейді. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Грузия митинг заң

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір