• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 08:51:44
Алматы
+35°

Қытай, Үндістан және Иран азаматтары үшін Қазақстан аумағында 14 күн визасыз жүруіне рұқсат берілген. Осыған байланысты Qamshy.kz ақпарат агенттігі Сыртқы істер министрлігіне ресми хат жолдады. 

Сыртқы істер министрлігі визалық тәртіпті жеңілдету еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсартып, үш мемлекеттегі серіктестерімен арадағы  байланысты нығайту үшін қажет екенін айтты. 

"Сондай-ақ бұл режим Қазақстанға келетін туристер ағынының өсуіне және өзара мәдени алмасуды ынталандыруға ықпал етуге бағытталған. ҚХР азаматтары үшін 14 күндік визасыз болу тәртібі бұрын қолданыста болған 3 күндік визасыз транзит тәжірибесі негізінде белгіленгенін атап өткен жөн. Бұл тәртіп 2017 жылы "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін өткізу кезеңінде енгізілді", деп жауап берді СІМ. 

Министрлік өз жауабында визасыз режимге қатысты келісім жобасы әлі де талқыланып жатырғанын хабарлады. 

"Қазіргі уақытта тараптармен талқыланып жатқан келісім жобасы екі мемлекет азаматтарына тепе-теңдік қағидатына сәйкес азаматтық паспорттар иелеріне өзара визасыз сапарларға жағдай жасауды көздейді. Визасыз тәртіпті енгізу мәселесін пысықтау ҚР азаматтарының туристік, іскерлік, туысшылау және емделу мақсаттармен Қытайға баруға деген жоғары сұранысын қанағаттандыру қажеттілігінен туындады. Осыған байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі тарапынан шетелдік сапарларды жүзеге асыру кезінде ҚР азаматтарына барынша қолайлы жағдай жасау үшін барлық шаралар қабылдануда", делінген ресми жауапта. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір