01 Наурыз, 2023 NEWS
Фото: GETTY IMAGES
АҚШ мемлекеттік қызметкерлерге TikTok қосымшасын пайдалануға тыйым салды. Ақ үй ұлттық қауіпсіздікті сақтау үшін осындай қадамға барған. Шенеуніктердің телефоны мен компьютерінен аталған қосымшаны өшіруге 30 күн берілген.
Бұдан бөлек, АҚШ конгресі TikTok желісін пайдалануға толықтай тыйым салу жөнінде заң жобасын қарауға дайындалып жатыр. Аталған меморандум тек TikTok қосымшасына емес, "ByteDance Limited" компаниясына тиесілі барлық сервиске қатысты болады.
АҚШ аталған компанияның мемлекетке қатысты маңызды деректерді Қытай билігіне жеткізеді деп күдіктенеді.
Ал Қытай билігі бұл тыйымды "тым радикалды" деп бағалап отыр. АҚШ-тан кейін Канада билігі де шенеуніктерге осындай тыйым енгізді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір