• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:45:46
Алматы
+35°

"Путин Украинаға басып кіру жайлы шешім қабылдағанда көппен кеңеспеген. Содан бері ол оқшаулана бастады" деп жазады Ресей билігінің бұрынғы шенеуніктерімен сұхбаттасқан Financial Times басылымы.

Олардың айтуынша, сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың өзі  Украинаға басқыншылық басталғанын ел қатарлы 24 ақпанда естіген.

"Кремльдегілер басып алу жайлы теледидардан "арнайы әскери операция" жайлы хабарлағанда ғана білді" деп жазады FT.

Сол күні Кремльге жиналған олигархтар Лавровпен мұндай маңызды шешімді ешкіммен ақылдаспай қабылдағаны жөнінде сөйлескенінде ол "Путиннің үш-ақ кеңесшісі бар. Ол "Иван Грозный", бірінші Петр және Ұлы Екатерина" деп жауап берген.

"Барлығы ойлағандай болмағанын көрген ол одан әрі өшіге түсті. Енді соғысты жалғастырудан басқа амал қалмады. Соғыс басталғалы ел басшысы бұрыннан бетер оқшауланып кетті" дейді экс-шенеуніктердің бірі.

"Сталин зұлым болғанмен жақсы менеджер еді. Сондықтан оны алдау мүмкін емес. Ал Путинге шындықты айтатын адам жоқ. Ешкімге сенбейтін адамдар өзіне өтірік айтқандарды ғана тыңдай бастайды" келесісі.

Путиннің басқыншылық жоспарын өз кеңесшілерінен де жасыруы бірінші рет емес. Ресей 2014 жылы Қырымды аннексиялағанда ол бұл туралы Қауіпсіздік кеңесіне де ескертпеген. Тек таңғы 7-ге дейін қорғаныс министрі Сергей Шойгумен ғана ақылдасқан.

Бұрынғы Ресей шенеунігінің айтуынша, кеңесшілер бастапқыда Путинді Қырымға әскер жібермеуге шақырған. Алайда ол: "Бұл тарихи сәт. Келіспесеңдер кете беріңдер" деген. Ол орыстардың басын біріктіріп, жерін кеңейткен бірінші Петр сияқты тарихта қалатынына және Петр туралы аңыздардың барлығына сенеді.

Путин басқыншылық жоспарын жасау кезінде украиндықтар орыс әскерлерін құшақ жая қарсы алатынын айтқан украинаның мемлекет қайраткері Виктор Медведчукқа ерген.

"Мәскеуде бұған күмәнмен қарағандар көп болды. "Егер Медведчук жаңбыр жауады десе, күн ашық болады" дейді Ресейдің бұрынғы жоғары лауазымды шенеунігі.

Шабуылдан үш күн бұрын өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында кеңес хатшысы Николай Патрушев мәселені дипломатия жолымен шешуді ұсынған. Алайда Путин өзіне сенімді болғандақтан, кеңес хатшысын тыңдамады.

"Путиннің ақыл-есі орнында. Бірақ оның кеңесшілері қазіргідей үнсіз отырмай, шындықты бетіне басуы керек. Бұл тарихтағы барлық элита басшысын қолдамаған алғашқы соғыс" дейді бұрынғы шенеунік.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Путин Ресей Украина

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір