• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:30:08
Алматы
+35°

Ақмола облысы полиция департаменті Қазақстанды Ресейге қосу идеясын қолдайтынын мәлімдеген Ақмола облысы тұрғынының мәлімдемесінде қылмыс құрамы жоқ деп шешкен. Бұл туралы КазТАГ сайты хабарлады.

Полиция депортаменті азаматпен профилактикалық әңгіме жүргізумен шектелген.

"Артем Абрамовпен профилактикалық әңгімелер жүргізілді, қылмыстық әрекет белгілері байқалған жоқ", делінген Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Атбасар қаласының тумасы Артем Абрамов "Chatroulette" қосымшасы арқылы украиналық блогердің бағдарламасына білдірген пікірінде Қазақстанның Ресейге қосылуын қолдайтынын, Путин "арнайы операция" өткізуге шешім қабылдаса, қолына қару алып, қазақстандықтарға қарсы күресуге дайын екенін айтқан. Кейін желіде Абрамовтың арандатушылық құрбаны ретінде кешірім сұраған жазбасы пайда болды.

Бұған дейін Ақмола облысы Жарқайың ауданы Державинск қаласының тұрғыны Руслан Елфимов та осы қосымша арқылы Ресей Қазақстаннан солтүстік аймақтарды тартып алса, қуанатынын айтқан еді. Ол Ресей тарапында Қазақстанға қарсы соғысқысы келетінін ашық мәлімдеген. 

Ал 2022-жылдың қазан айында әлеуметтік желіде Елфимовтың коллаборант (Ресей оккупациясын жақтау - Ред.) екенін айтқан видеосы тараған. Осыған байланысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облыстық департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 180-бабы (сепаратистік әрекет) бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір