Фото: Ашық дереккөз
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров экс-президент Алмазбек Атамбаевтың бостандыққа шығуына байланысты пікір білдірді, деп жазады Sputnik Кыргызстан сайты.
"Бұл шешімді сот пен құқық қорғау органы қабылдады. Сот шешіміне қарсы келе алмаймыз. Заң шеңберінде өмір сүруді де үйренген жөн. Өткен жылы сот Атамбаевты қазан айындағы оқиғалар, мектеп салу, шетелдіктерге төлқұжат беру туралы қылмыстық істер бойынша ақтады. Сол кезде де сот шешіміне қарсы шықпайтынымды айтқанмын. Мен түрмеде жауымның да отырғанын қаламаймын. Алла Тағала Пайғамбарға "Мен сабыр етушілердің, кешірімшілдердің жағындамын" деп айтқан. Кешіре білу қажет", дейді Қырғызстан президенті.
Бұған дейін Алмазбек Атамбаевтың бостандыққа шыға сала, Дубайға кеткені, одан әрі емделу үшін Испанияға баратыны хабарланан.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір