• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 14:02:45
Алматы
+35°

«Назарбаев Қоры» білім беру қорының басшысы Аслан Сәрінжіпов қор юылтыр тамызда миноритарлы акционері болып келген Jusan bank-ті бақылауынан шығарып алғанын мәлім етті. Оның сөзінше, бұған банкке иелік ететін Jusan Technology холдингі басшылығының ретсіз қадамдары себеп болған, деп жазады ulysmedia.kz порталы.

Сәрінжіпов Назарбаев қоры Jusan деп құрылған жеке қаржылық актив есебінен, Назарбаев Универитеті мен Назарбаев зияткерлік мектептерін дамытуды, сол арқылы бюджетке жүктемені азайтуды көздеген" дейді.

– Алайда қаңтар оқиғасы болды да, «Ескі Қазақстанның» өкілдері біздің банктегі активтерімізді заңсыз бақылауға алды. Егер егжей-тегжейлі айтар болсақ, кезінде Jusan тобын АҚШ-та тіркелген қордың эндауменд қамқоршылық кеңесіне кіретін Қазақстанның өкілдері бақылайтын. Бірден түсіндірейін, бұл қор НУ мен НЗМ-ті тікелей қаржыландыруы керек болған. Ал АҚШ-та тіркелуін дамыған заңнамамен және салық саласының тиімді жүйесімен түсіндіреміз, бұл бізге халықаралық аренада кедергісіз жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Алайда қолдан жасалған себептер бойынша қазақстандықтар қордың қамқоршылық кеңесінен шығып қалды, ақыры банк тобын бақылау тетігі жоғалды. Мұның себебі – отандық білім саласын дамытуға және қолдауға бағытталған қаражатты басқа бағытқа пайдалануға жол бермеуге тырысқанымызда. Оның орнына Jusan Technology холдингінің басшылығы қаражатты мемлекет көрсеткен көмекті қайтармас бұрын дивидендтерді өтеуге жұмсамақ болған. Бірақ бізді заңсыз жұмыстан шығарды да, Jusan – қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстаннан гөрі өздеріне қауіпсіз саналатын басқа мемлекетке көшіп кеткен адамдардың бақылауына өтті. Мен бұл шешіммен келіспейтінімді ресм түрде айтқанымды атап өткім келеді, – деді ол.

Назарбаев қоры америкалық қорда Қазақстанның өкілдерін қалпына келтіру бойынша АҚШ-қа арыз жіберіп, заңсыз тартып алынған активті қайтару жөніндегі арызды да дайындап қойған.

Былтыр қазан айында Jusan Bank қаржы ұйымын экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевпен байланыстырған ақпараттарды жоққа шығарған.

 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Назарбаев қоры Jusan bank

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір