• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Сәуір, 08:58:06
Алматы
+1°

Журналист, ND youtube арнасының авторы әрі жүргізушісі Думан Мұхамедкәрім Алматы облысы №12 бірмандатты сайлау округі өзін мәжіліс сайлауына кандидат ретінде тіркемегенін мәлім етті.

Мәжіліс депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясының хаттамасында журналистің өтінімі конституцияның 51-бабы 4-тармағы –  "республика аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан болуы керек" деген талапқа сай емес деген негізбен қанағаттандырылмағаны айтылады.

Конституцияның дәл сол бабы мен тармағында соңғы он жылда ел аумағының бір жерінде тұрақты түрде тұрған болуы керек деген талап жоқ. Ол жерде "Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады" делінген.

Думан Мұхамедкәрім сайлау комиссиясының бұл шешіміне еш таңғалмайтынын, тіпті осылай боларын білгенін жеткізген. Дегенмен ол комиссия шешіміне байланысты сотқа шағым түсіретінін атап өтіп, комиссия шешімі өзгермесе, құжат тапсырған өзге белсенді азаматтарға ақпараттық тұрғыда қолдау көрсетуге әзір екенін айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір