• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:13:21
Алматы
+35°

Түркістан облысы полиция департаменті 15 жастағы қызды алып қашу оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады. 

"Шымкент тұрғынының кәмелетке толмаған қызын үйлену мақсатында алып қашқаны туралы арызы бойынша, Жетісай ауданының полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабымен (Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі кезде тиісті сараптама тағайындалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Іс Түркістан облысы ПД бақылауына алынды", делінген ведомства хабарламасында. 

Бұған дейін НеМолчи қорының жетекшісі Дина Таңсәрі Жетісайда 15 жастағы қызды алып қашқаны туралы ақпарат жариялаған. Белгілі болғандай, қыздың анасы алып қашқандардан қалың мал ретінде 600 мың теңге алып, оларға кешірім берген. Аталған жағдайды әлеуметтік желі арқылы естіген қыздың әкесі полицияға арызданған. Әкесі қызын танымайтын жігітке еркінен тыс тұрмысқа бергенін айтады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір