• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:41:47
Алматы
+35°

Украина президенті Владимир Зеленский ел депутаттары мен мемлекеттік қызметкерлеріне демалыс үшін немесе мемлекет қажеттілігінен тыс мақсатта шетелге шығуға тыйым салатын жарлыққа қол қойды.

Зеленский бұл Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің шешімі екенін айтты.

Оның сөзінше, елден шығуға тыйым орталық биліктің барлық шенеуніктеріне, сондай-ақ жергілікті биліктегі басқа да лауазымды тұлғаларға, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, депутаттарға, прокурорларға қатысты. 

"Қазір шетелге шығып, демалғысы келетіндер қызметімен қоштасады. Шенеуніктер демалу үшін немесе осыған ұқсас басқа мақсатта шетелге шыға алмайды", деп ескертті Зеленский. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір