• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Ақпан, 07:55:06
Алматы
-1°

Халықаралық олимпиада – бұл дүниежүзілік жаратылыстану-математика, есептеу және әлеуметтік ғылымдардың әртүрлі салаларындағы жыл сайын өткізілетін жарыс. Аталмыш білім додасы әр елдің ұлттық олимпиадасында іріктелген үздік оқушыларға арналған. Жарыс мектеп оқушылары үшін болса да, олимпиада деңгейі өте жоғары әрі ауқымды өтеді. Кез келген халықаралық олимпиададан оза шыққандар әлемнің жетекші университетіне түсуіне зор мүмкіндік бар.

Осы орайда “Edlight Academy” жаттықтырушылары оқушыларды халықаралық олимпиадаларға қарқынды түрде дайындап жатыр. Ол үшін жыл сайын KIOT лагерьлері өткізіледі. KIOT дегеніміз – “Kazakhstan International Olympiad Team”, яғни Қазақстанның Халықаралық Олимпиада командасы. Лагерьде білім беру саласындағы ең үздік мамандар оқушыларға сабақ береді. Қатысушыларға республикалық және халықаралық олимпиада жүлдегерлері, сондай-ақ үздік университететтің жетекші оқытушылары мен профессорлары сабақ өткізеді. KIOT лагерьлері – бұл оқушылардың интеллектуалды әлеуетін жоғары деңгейде ашатын дайындық.

KIOT лагерьлері

2022-23 оқу жылында 6 KIOT лагерьлері өткізілді:
Физика-Математика-Информатика: 12-21 қыркүйек 2022 ж.
Биология-Химия-География: 24 қыркүйек – 3 қазан 2022 ж.
Физика-Математика-Информатика: 7-16 қазан 2022 ж.
Биология-Химия-География: 20-29 қазан 2022 ж.
Физика-Математика-Информатика: 11-20 қараша 2022 ж.
Биология-Химия-География: 23 қараша – 3 желтоқсан 2022 ж.

Әр KIOT лагеріне кем дегенде 100 оқушы қатысты. Оқушылар ERG демеуші арқасында сабақтарын Edlight Academy сыныптарында, жатақханасында қалып, асханасында тамақтанды.

Қатысқан оқушылар - «Білім-Инновация» лицейлеріндегі ең үздік олимпиада жеңімпаздары. Олар өткен білім сайысында өте жақсы нәтиже көрсетті.

Жалпы, KIOT лагерінің оқушылар үшін Халық- аралық олимпиадаға қатысып және жоғары нәтижеге жетуіне септігі мол.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: KIOT лагерьлері

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір