17 Қаңтар, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Өскеменде полицейлер алаяқтық жасады деген күдікпен Тәжікстанның құқық қорғау органдарынан ұзақ уақыт бойы жасырынып келген 27 жастағы қылмыскерді ұстады, деп хабарлады Altaynews.kz басылымы.
2021 жылғы тамызда жәбірленушінің сеніміне кірген күдікті оған Латвияға виза алуға, сондай-ақ, оны көрсетілген елге жіберуге көмектесуге уәде берген.
"Күдікті жәбірленушіден 2325 доллар ақша алған. Оған қатысты Тәжікстан Республикасының Соғды облысы Ішкі істер басқармасы Тәжікстан Қылмыстық кодексінің 247-бабы 2-бөлігі бойынша қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау арқылы іздеу ісін қозғады" деп түсіндірді ШҚО ІІД өкілдері.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір