• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:33:43
Алматы
+35°

Белгілі ғалым, философия ғылымының докторы, профессор, ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі Амангелді Айталы дүниеден озды.

Амангелді Әбдірахманұлы Айталы 1939 жылы 10 қыркүйекте Ресейдің Астрахан облысы Володарск ауданына қарасты Болдырево ауылында дүниеге келген. Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасын бітірген.

Еңбек жолын ауыл мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастап, Ақтөбе мемлекеттік педагогика иниститутында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, проректор болып еңбек еткен. 1999-2004 жылдар аралығында екінші шақырылымдағы және 2004-2007 жылдардағы үшінші шақырылымдағы ҚР Парламентінің депутаты болған.

Кейінгі жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің "Әлеуметтік саяси пәндер" кафедрасының профессоры, "Білім мен тәрбиенің дүниетанымдылық әлеуметтік мәселелерін зерттеу" орталығының жетекшісі болып қызмет еткен.

Бірнеше ғылыми-көпшілік кітаптардың және жүздеген ғылыми мақалалардың авторы. 

«Құрмет» белгісі, «Парасат» ордендерімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің гамотасымен марапатталған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Амангелді Айталы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір