• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:47:23
Алматы
+35°

Алматы әкімі Ерболат Досаев «Алматы Су» коммуналдық кәсіпорнын дамытудың өзекті мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді, сондай-ақ тұтынушыларға қызмет көрсету орталығы мен орталық диспетчерлік қызметтің жұмысымен танысты.

Қала басшысы қысқа мерзімде инженерлік желілер мен жабдықтардың тозу деңгейін төмендету қажеттігіне ерекше назар аударды. Қаладағы негізгі магистральдық су құбырлары, коллекторлар, су дайындау станциялары және кәріз тазарту қондырғылары 60-70 жылдары салынған. Мәселен, бүгінде Алматыда су құбыры желілерінің тозуы 55,8%, кәріз желілерінкі - 57,5%, құбырлардың бір бөлігінің тозу дәрежесі 100%-ды құрайды.

fd

«Алматы Су» МКК басшылығы қала әкіміне қалалық су құбыры-кәріз шаруашылығының ағымдағы жағдайы және жұмыстың аралық қорытындылары туралы хабардар етті, сондай-ақ жаңғыртуға, тұтынушыларды сапалы қызметтермен үздіксіз қамтамасыз етуге, бизнес-процестерді жақсартуға және өндірісті автоматтандыруға басты назар аударылған даму жоспарын таныстырды.

Тозуды азайту және апатты жағдайлардың алдын алу үшін жыл сайын кемінде 104 км су құбырларын, 73 км кәріз желілерін ауыстыру қажет, сондай-ақ диаметрі 900 мм және одан жоғары ірі су құбырлары мен кәріз коллекторларын қайта жаңарту керек. Бұл ретте қолданыстағы инвестициялық бағдарлама жыл сайын тек 20-24 км тозған құбырларды ауыстыруды қамтамасыз етеді.

Мұның себебі төмен/теңгерімсіз тариф болып табылады: егер бүкіл әлемде желілердің жағдайын реттеуді қолдау және жөндеу қоры тариф белгілеу және қызметтерді пайдаланушылардан түсетін түсімдер есебінен жабылса, онда «Алматы Су» МКК жағдайында негізгі инвестор мемлекет болып табылады (Алматыдағы тариф деңгейі ел бойынша ең төмен деңгейдің бірі және 8 жылдан астам уақыт бойы өзгермеген – 1 000 литрге 48 теңге).

wfe

Кеңес барысында сумен жабдықтау және кәріз жүйесін жаңғырту мәселесі талқыланды, іске асыру мерзімдері айтылды – қалалық бағдарлама аясында 2025 жылға дейін (40,9 млрд теңге) негізгі магистральдық су құбырлары мен кәріз коллекторларын қайта жаңартуға баса назар аудару қажеттігі жоспарлануда. Талғар жер асты су көздерінен су жеткізу жүйесін жаңғырту, Қарғалы су дайындау станциясын пайдалануға беру көзделген.

2030 жылға дейін мегаполис тұрғындарының 95% - ын орталықтандырылған су бұрумен қамтуға мүмкіндік беретін кәріз-сорғы станцияларының желісін бір мезгілде кеңейтіп және жөндеп, қала сыртындағы коллекторды (14 км-ден үш жіп) реконструкциялау, Батыс коллекторын салуға кірісу қарастырылған. Сондай-ақ коммуналдық объектілерді реконструкциялау және технологиялық жабдықты ауыстыру жұмыстары жалғастырылатын болады.

Инфрақұрылымды модернизациялаудан басқа, кәсіпорынның даму жоспары су шығынын азайту мақсатында кезең-кезеңмен цифрландыру жобасын қамтиды. Коммуналдық қызметкерлердің мәліметінше, Алматыда жыл сайын қаланың ұлғаюына байланысты суды тұтыну өсуде (5 жылда 25 мың текше метр). Бұл өз кезегінде тиісті инфрақұрылым мен қызмет көрсетуді (8 жыл ішінде кәсіпорынның инженерлік желілерінің ұзындығы 18,5%-ға өсті) қажет етеді.

Кездесу қорытындысы бойынша қала әкімі «Алматы Су» МКК басшылығына қысқа мерзімде инженерлік желілердің тозуын азайту және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін жаңа тарифтік саясатты енгізу жөнінде ұсыныстар беруді тапсырды.

Мегаполис басшысы энергетика және коммуналдық кәсіпорын басқармасының алдында берілетін судың шығынын азайту, тұтынуды фискализациялау және инфрақұрылымды жаңғырту жобаларын іске асыру, оның ішінде Цифрлық су арнасы жобасын енгізу міндеті тұрғанын атап өтті.

Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы су Қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір