• USD 468.98

  • EUR 493.74

  • RUB 7.59

  • CNY 66.79

04 Желтоқсан, 23:30:16
Алматы
-7°

Талдықорғанда Қаңтар оқиғасы кезінде құлаған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев ескерткішінің орнына ұлы ақын Абай Құнанбаевқа арналған ескерткіш қойылуы мүмкін. Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың жергілікті тұрғындармен кездесуінде айтылды.

Жиында тұрғындардың бірі қалаға Абай ескерткішін қою мәселесі бірнеше жылдан бері шешілмей келе жатқаны көтерді. Облыс әкімі ескерткіш қазір Алматыда жасалып жатқанын, 2-3 айда дайын болатынын, тек орнын анықтау қалғанын жеткізді. Осы кезде тұрғындардың бірі оны Назарбаев ескерткішінің орнына қойып, Назарбаев көшесін қайтадан тәуелсіздік деп атауды ұсынды. Бұған зал дуылдатып шапалақ соқты. Әкім халық пікірі ескерілетінін мәлім етті.

Талдықорғандағы Назарбаев ескерткіші 2016 жылы орнатылған. Оны облыстың сол кездегі басшысы Амандық Баталов ашқан. Ал 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде жұртшылық ескерткішті құлатып, соден бері оны ешкім қайта тұрғызбады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір