• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:11:49
Алматы
+35°

Түркиядағы жарылысқа қатысы бар сириялық Ахлам Альбашир өзінің сириялық бірнеше террорлық ұйымдар тарапынан дайындықтан өтіп, Түркияға арнайы тапсырмамен келгенін мойындады. Бұл туралы Cumhuriyet сайты хабарлады. 

"Түркияға заңсыз жолмен Африн-Идлиб қалалары арқылы келдім. Сирия демократиялық партиясы, Бірлескен демократиялық партиясы және Күрдстан жұмысшылар партиясы тарапынан арнайы дайындықтан өттім. Теракті жасау үшін олардан арнайы тапсырма алдым", деп айтқан Ахлам Альбашир. 

Түркияда қарулы күштер тарапынан ұйымдастырылған арнайы операция кезінде Алхам Альбаширден бөлек 46 күдікті азамат ұсталған. 

Еске салсақ, кеше Стамбулдың туристер көп жүретін Истикляль көшесінде жарылыс болып, 6 адам қаза тапқан. 81 адам жараланған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір