• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:49:03
Алматы
+35°

15 қарашадан бастап Қазақстанда ABS жүйесі, SOS батырмасы, қауіпсіздік жастығы жоқ, экологиялық класы төмен машина шығаруға болады. Көктемде санкцияға байланысты Ресей осындай жеңілдік жасаған. Енді біздің елде де автоөндірушілерге қойылатын талап жеңілдеп отыр, деп хабарлады kolesa.kz басылымы.

4 қарашада Қазақстанда шығатын жекелеген Дөңгелекті көлік құралдарына қойылатын міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігін бағалау туралы Үкімет қаулысы шықты, құжат 15 қарашадан бастап күшіне енеді. Ол бойынша 2023 жылғы 1 ақпанға дейін Қазақстанда ABS, қауіпсіздік жастығы, SOS батырмасы жоқ және экологиялық класы Еуро-5 стандартынан төмен (Еуро-0-ге дейін) машина шығаруға рұқсат етіледі.

ИИДМ мәліметінше, мұндай жеңілдік Ресей компанияларымен бірге елде "Лада" және УАЗ шығаратын автоөндірушілерді қолдау мақсатында жасалып отыр.

"Hyundai мұндай қарапайым машина өндірмейді деп ойлаймыз, өйткені үкімет қаулысына сәйкес ондай көлікті шетелге экспорттауға және Қазақстаннан тыс жерде жүргізуге болмайды" деген министрлік жауабынан техникалық талаптардың төмендеуі ресейлік маркаларға ғана қатысты екенін аңғаруға болады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: автоөндіріс Лада УАЗ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір