• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 19:42:03
+35°

Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында ел кәсіпорындары 13,5 млрд дана шылым, сигар, папирос және басқа да ұқсас өнімдер шығарған. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 15 пайызға артық. Ақшалай есептегенде 206,5 млрд теңгенің өнімі өндірілді, деп хабарлады energyprom.kz порталы.

2022 жылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар шылымға деген ішкі сұраныстың 60,1 пайыын қамтамасыз еткен. Импорт үлесі тиісінше 39,9%.

Ішкі сатылым өткен жылмен салыстырғанда 27,1% өсіп, 15,2 млрд дана болды.

Биылғы екінші тоқсанда азаматтардың темекі өнімдеріне жұмсаған шығыны 11,2 мың теңгеге жетті, бұл – бір жыл бұрынғыдан 9,8% көп.

Елде Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары көп темекі шегеді: екінші тоқсанда облыстағы әрбір үй орта есеппен темекі өнімдеріне 19,5 мың теңге жұмсаған. Одан кейін Павлодар (18 мың теңге) және Шығыс Қазақстан (17,7 мың теңге) облыстары жайғасқан.

Темекі өнімдеріне ең аз ақша жұмсайтындар – шымкенттіктер. Олар айына шылымға 1,7 мың теңге жұмсайды.

Биылғы қазан айының қорытындысы бойынша, фильтрлі сигареттер бір жылда 16,4% қымбаттаған. Баға Шығыс Қазақстан (21,6%) және Ақмола (20,5%) облыстары мен Алматы қаласында (19,3%) қатты өскен. Ал бағаның өсімі төмен аймақ Алматы облысы (11%).

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: шылым өндірісі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір