• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Қазан, 18:17:27
+9°
156 адамның өмірін қиған Кореяда Хэллоуинді тойлау кезіндегі адам нөпірінің тар көшеге сығылуынан бірнеше сағат бұрын шұғыл көмек қызметіне ықтималды қауіп туралы ондаған телефон қоңырауы түскені белгілі болды. Алайда қызметкерлер оны елемей, немқұрайлық танытқан. Бұл туралы деректі Сеул полициясы ВВС-ге растаған.

112 номеріне қоңырау шалғандар мерекелік шаралар өткен Итхэвона көшесінде адамдар үсті-үстінен қаптап жатқаны қауіпті болуы мүмкін екенін айтқан.

"Тар көшемен жүру қауіпті болып бара жатыр. Төменге түсу қиын. Бірақ адамдар сонда да жоғары көтеріліп жатыр. Олар тапталып қалады ғой. Өзім зорға шықтым. Ол жақта адам тым көп. Осыны бақылауға алған дұрыс шығар" деген қоңырау шалушылардың бірі. 

Полиция "адам қозғалысы шектеліп, адамдардың аяғы алып, тапталу қаупі бар деп тұрсыз ба сонда" деп нақтылаған. Қоңырау шалған адам "иә, жағдай, алаңдатарлық" деп жауап берген.

Бұдан кейінгі үш жарым сағатта полицияға осыған ұқсас ондаған қоңырау түскен.

Алайда полиция жағдайға немқұрайлы қарап, тиісті шаралар қолданбай, жағдайдың алдын ала алмаған. Бұны Оңтүстік Корея полициясы басшысының өзі мойындады.

Комиссар Юн Хи Кын болған жағдай үшін жауапкершілікті сезінетінін жеткізіп, толық тергеу жүргізілетініне уәде берді.

Ел преиденті Юн Сук Ёль жағдай адам нөпірін басқара білудің маңызын көрсеткенін, бұл тұрғыда зерттеу жеткіліксіз екенін айтып, болашақта адам нөпірін дрондармен, өзге де цифрлық тәсілдермен бақылау керектігіне назар аударды. 

Сеулдің түнгі клубтар мен кафелер көп шоғырланған Итхэвон көшесіне сол күні ковид шектеулері алынып тастағалы мұндай көлемде адам алғаш жиналған. Әрі Хэллоуинді атап өту шараларының нақты ұйымдастырушысы болмағандықтан, 100 мыңдай адам жиналатынын ешкім ойламаған.

Куәгерлердің айтуынша, жан жағы қабырға тар көшеге адам біртіндеп жиналып, бір мезетте қос қабырға ортасында адамдар кептеліп қалған. Жоғары жақта тұрғандардың аяғы шыдамай құлаған сәттерде арттағы екпінмен оларды таптап өткен. Салдарынан 156 адам мерт болып, 152 адам түрлі жарақат алған. Қаза тапқандардың көбі 20 жасқа дейін жастар. олардың арасында бір қазақстандық студент бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір