• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:57:34
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мемлекеттік наградалар мен медальдарды табыстады.

Бүгін, 23 қазан күні Алматы қаласы республикалық Достық үйінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі БАҚ және этномәдени бірлестік өкілдерінің бірқатар қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар мен медальдарды табыстады.

Барлығы Республика күні ұлттық мереке қарсаңында елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін марапатталып отыр.

Іс-шараның салтанатты бөлімінде Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды.

Министр Дархан Қыдырәлі әріптестерін құттықтап, бұл күннің маңыздылығына тоқталды.

– Марапатталған әріптестерді тағы да шын жүректен құттықтаймын. Оған сіздердің зор үлестеріңіз сіңді. Лайықты марапат иелерін тапты. Басқа да әріптестеріміздің бәрі де марапатқа лайық, - деді Дархан Қыдырәлі.

Атап айтқанда, «Құрмет» орденімен «Ана тілі» газетінің журналист-шолушысы Берік Жүндібаев, «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Дружные ребята» газетінің журналисі Ольга Рыбкина, «Қала мен дала» газетінің және Dalanews.kz сайтының дизайнері Марат Тұрсынов, «Жас қазақ» газетінің фототілшісі Ғалия Қалиева, «Шапағат» медалімен«Astana» телеарнасының арнайы тілшісі Анар Нұртазина, «КТК» телеарнасының «Дау-дамайсыз» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі Жазира Бегалы, «Құрмет» грамотасымен №1 талғар аудандық жеке лицей-интернатының директоры, ҚХА мүшесі, «Ахыска» республикалық түрік этномәдени бірлестігінің мүшесі Дилдар Бадаловамарапатталды.

Іс-шара соңында қатысушылар жылы лебіздерін білдіріп, алғыс айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір