• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 20:14:48
Алматы
+35°

Қазақстан кәрістері бірлестігі төрағасының кеңесшісі Георгий Кан Алматыдағы "Мәдениет үйінде" жастарға арналған қандай бағдарламалар бар екенін айтты. Оның айтуынша үйірмелерде ең алдымен мемлекеттік тіл қазақ тілін, кейін әр ұлт өкіліне өзінің ана тілін үйретеді. Бұл туралы Қоғамдық келісім ұйымы жұмысының 9 айдағы қорытындысы мен президент жолдауына орай этномәдени орталықтарға қолдау көрсету шаралары туралы өткен Алматыдағы орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында мәлім етті.

"Біздің болашағымыз – жастар. Жастар болмаса біздің этномәдени қауымдастық та, басқа мекемелер де болмайтын еді. Кез келген мекеменің жастарға арналған бағдарламалары мен ұйымдары болады. Сол секілді бізде де ассамблея аясында Жастар ассамблеясы жұмыс істейді. Бұл ұйым республика бойынша жастардың басын қосып, маңызды іс-шаралар ұйымдастырып отырады. Ұйымдардың ең басты міндеті – белсенділік. Қазір елімізде өте белсенді әрі креативті жастар өсіп келеді. Алайда көбінің тәжірибесі жоқ. Сол себепті біз жастардың тәжірибе жинақтап, белсенділігін қолдану үшін түрлі бағдарламалар жасақтадық. Жастар өзінің күш-қуатын өзіне пайдасын жолда жұмсамасын деген ниетпен түрлі форумдар ұйымдастыралады. Жастар ассамблеясы бір ғана бағытта емес бірнеше бағыт бойынша жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ аталған ұйым тек ассамблеядағы жастармен ғана емес жалпы барлық жас азаматтармен жұмыс істейді. Әрине, университеттер мен колледждегі жастармен жұмыс істеу әлдеқайда жеңіл. Бірақ бұдан басқа да жастар бар емес пе?! Олармен де бірге жұмыс істеп, белсенділігі мен тәжірибесін арттыру үшін жұмыс істеу керек. Бұл тек біздің ғана емес барлығымыздың міндетіміз деп білемін", дейді төраға.

"Медениет үйіндегі" тіл үйрету, ән және би үйірмелері мемлекет тарапынан қаржыландырылады екен. 

"Тіл білу, би, ән айту үйірмелері – мемлекеттік бағдарламалар. Барлық этнобірлестік қауымдастығы атынан мен сіздерді Алматыдағы «Мәдениет үйіне» шақырамын. Сол жерде қалай жұмыс істеп, қандай шаралар өткізіп жатқандарыңызды өз көзіңізбен көретін боласыздар. Біздегі үйірмелерде ең алдымен мемлекеттік тіл қазақ тілі үйретінеді. Содан соң әр этнос өкіліне өз ана тілі үйретіледі. Мұның бәрі заңмен бекітілген, мемлекет тарапынан қаржыландырылып отыр. Бұдан бөлек ән айтуды, билеуді үйрететін арнайы үйірмелеріміз де бар. Әрбір этнос мәдениетіндегі би мен әннің рөлі ерекше. Әр ұлттың тілін де, дінін де, ұлттық киімдерін де ән мен биден көрініс табатыны анық. Сол себепті бұл бағыт біздің ең басты жұмыстарымыздың бірі.  Осы бағыт бойынша барлық жағдай жасалып, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген", дейді Георгий Кан. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір