• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:05:22
Алматы
+35°

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен «OCEANMAN KAZAKHSTAN» франшизасының иесі Ералы Оралов Қапшағай су қоймасында ашық суда екінші жүзуді өткізу туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлады өңірдің баспасөз қызметі.

Құжатқа қол қою рәсімі барысында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев биылғы жылы өткен іс-шараның алғашқы бастауы қазақстандықтар мен жақын және алыс шетелдерден келген спортшылардың үлкен қызығушылығын білдіргенін атап өтті.

 

«Oceanman KAZAKHSTAN-ның» алғашқы старты жүзу маусымының басты оқиғасы болды. Екі күн бойы облыс орталығы Қонаев өз күштері мен мүмкіндіктерін тексерген спортшылардың шоғырланған орталығына айналды», - деп атап өтті облыс басшысы. 

Өз кезегінде франшиза иесі Ералы Оралов келесі маусымда қатысушылар саны төрт деңгей бойынша 1800 қатысушыға дейін артатынын мәлімдеді.

 

«Біз қазақстандықтардың осындай халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шараларға нақты сұранысы өте жоғары екенін көрдік. Тіркеу аяқталғаннан кейін біздің алғашқы сайысымызға қатысуға ниет білдірушілер біз ойлағаннан әлдеқайда көп екені белгілі болды. Сондықтан «OCEANMAN KAZAKHSTAN» жобасы екінші рет өтетін жарысында тіркеуден өткенге 1800 орын болады », - деп түсіндірді Е.Оралов. 

«OCEANMAN KAZAKHSTAN» ашық суда жүзу сайысы екінші рет 2023 жылғы 1-2 шілдеде Қапшағай су қоймасында өтеді. Ұйымдастырушылар бастапқы қашықтығын өзгертпеуге шешім қабылдады. HALF OCEANMAN (5 км) және SPRINT (1,5 км) үшін 600 орын, ал толық OCEANMAN (10 км) және балалар «OCEANKIDS» (800 м) жүзу үшін 300 орын қарастырылған.

Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

2022 жылдың шілдесінде өткен OCEANMAN KAZAKHSTAN бірінші старты отандық жүзу маусымының басты оқиғаларының біріне айналғанын естеріңізге саламыз. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылар мен әуесқойлар қызығушылық танытты: төрт қашықтыққа жүзуге 7 елден 1200 қатысушы тіркелді. Жарыс басталған күні Қапшағай су қоймасында жүзушілер мен жанкүйерлерді қосқанда 3 мыңнан астам адам болды.

Бұрынғыдай «OCEANMAN KAZAKHSTAN» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы, Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады. Бас серіктес – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және «Sport Qory» туризм және спорт саласын қолдау қоры. Ал «Freedom Holding Corp» инвестициялық тобы бас демеуші.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір