• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Ақпан, 02:13:20
Алматы
-2°
 
 
 

АҚШ президенті Джо Байден Нью-Йоркте Демократиялық партияның жиынында Ресей президенті Владимир Путин "тактикалық ядролық немесе химиялық, биологиялық қару қолдану туралы айтқанда қалжыңдамады" деп тұжырымдайтындай оны жеткілікті дәрежеде білетінін айтты.

 

"Біз "ақырзаман" қаупімен Кеннеди және Куба зымыран дағдарысынан кейін бетпе-бет келген емеспіз. Егер осылай жалғаса берсе, біз шынымен де ядролық қару қолдану қаупімен ұшырасамыз" деп келтірді Байденнің сөзін Reuters агенттігі. 

1962 жылғы Куба дағдарысы кезінде АҚШ президенті Джон Кеннеди мен Кеңес Одағының бірінші хатшысы Никита Хрущев Кубаға кеңестік зымырандардың орналастырылуына байланысты ядролық қару қолдануға шақ қалған.

Бүгін 70 жасқа келіп жатқан Путин 21 қыркүйек күні ішінара мобилизация туралы мәлімдемесінде Ресейдің аумақтық тұтастығын қорғау үшін ядролық қаруға жүгінуге дейін баруға әзір екенін айтқан. 5 қазанда Путин Украинаның ішінара басып алынған 4 аймағын Ресейге қосу туралы конституциялық заңға қол қойған.

Луганск, Донецк, Херсон, Запарожье облыстарының Ресей аннекциялаған аумағы Украин жерінің 15 пайызын құрайды. Ресей аннекциясын халықаралық қауымдастық мойындамағанына қарамастан, Мәскеу үшін енді бұл жерлер Ресейге тиесілі. Қыркүйектен бері орыс әскерін шегіндіріп, басып алынған елді-мекендерді бірінен кейін бірін азат етіп келе жатқан Украинаның қарымта шабуылын Ресей басқыншылық деп бағалап, осы тұста ядролық қару қолдануға сылтау табуы ықтимал екенін сарапшылар айтып жүр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір