• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қазан, 01:22:14
Алматы
+9°

Аса ірі көлемде ақша жымдырды деп ыйыпталған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере-інісі Қайрат Сатыбалды жазасын Шығыс Қазақстан облысында орналасқан колонияда өтейтін болды. Үкім жарияланғаннан кейін 15 күн ішінде сотталушы немесе оның қорғаушылары сот шешіміне шағымданбаса, ол Шығыс Қазақстанда орналасқан ОВ-156/20 колониясына ауыстырылады, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі. 

"Бұл – арнаулы және құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлеріне арналған ОВ-156/20 қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздіктегі мекемесі", – деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Ведомстваның мәліметінше, Қайрат Сатыбалды ауыстырылғанға дейін Астанадағы тергеу изоляторында болады. Сотталған адам апелляциялық шағым түсірсе, ол оны қарау мерзіміне дейін тергеу изоляторында қалады. 

Қайрат Сатыбалдыға қатысты сот үкімі 26 қыркүйекте шыққан. Ол кәнәсін мойындап, келтірілген залалды мемлекетке қайтару арқылы анағұрлым "жұмсақ" сот үкіміне – соттау мерзімін жартысын дейін қысқартуға қол жеткізген.

Сот шешіміне сай, оның дүние-мүлкі тәркіленіп, 10 жылға мемлекеттік құрылымда қызмет етуге тыйым салынды. Жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

Ұлттық қауіпсіздік органының генерал-майор шенінен, "Құрмет", "Парасат" орденьдерінен айырылады.

2022 жылғы 13 наурыздан сот үкімі шыққанға дейінгі қамауда отырған мерзімнің әр күні жаза өтеудің бір жарым күніне теңестіріледі. Демек Сатыбалды өзіне кесілген 6 жылдың 9 айып өтеп тастады деген сөз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір