• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:58:55
Алматы
+35°
Ресейдің Батыс Қазақстан облысына жақын маңдағы шекаралық өткелдерінде Қазақстарға өтерде ресейліктер тастап кеткен көліктер жаппай тоналып жатыр, деп жазады батысқазақстандық Надежда басылымы. 

«Бірнеше көліктің әйнегі шағылған, кейбірінің резеңкесін алып кеткен. Ресей жақтағы Шаған-Орынбор автоөткелінде 40-қа жуық көлік тұр. Барлығы дерлік тоналған. Самара бағытында 10 көлік тұр" дейді жүк көліктерінің жүргізушілері. 

Мародердер көлікті бөлшектеп әкетіп жатыр. Ешкімнен шағым түспегендіктен оларды іздеп жатқан ешкім жоқ.

Осыған ұқсас жағдай Ресей-Грузия шекарасында да болып отыр. Ол жақта көлік иелері автомодильдерін амалсыз сатып кеткен.

Бүгін Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов 21 қыркүйектен бері елге 200 мыңға тарта ресейлік келіп, оның 147 мыңы елден шығып кеткенін хабарлады. Ал Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, 21 қыркүйектен бері 70 мың ресейлік қазақстандық ЖСН алған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір