• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:04:56
Алматы
+35°

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың 3 қазанға белгіленген сот отырысы 10 күнге шегерілді. Бұл туралы atpress.kz сайты хабарлады. 

Сот отырысы судьяның ауырып қалуына байланысты кейінге шегерілген. Отырыста екі тараптың жарыссөзі басталуы керек еді. Алайда сот процесі басталар уақытта қалалық сот қызметкерлері судья Жұмағали Ташимов ауырып қалуына байланысты отырыс кейінге шегерілгенін жеткізді.

Бақытгүл Хаменова мен өңірлік мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевті тергеу 2021 жылдың желтоқсан айында басталған еді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, олар Атырауда Абай ескеткішін орнату үшін  ЖШС басшысынан 4,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір