• USD 468.98

  • EUR 493.74

  • RUB 7.59

  • CNY 66.79

04 Желтоқсан, 09:05:42
Алматы
-6°

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов көлік жүргізу тәртібінің төмендігі жол апатының негізгі себептерінің бірі екенін мәлім етті, деп жазады министрліктің ресми интернет ресурсы.

– Көп жағдайда бұған автомектептерге қойылатын талаптардың және жүргізушілерді даярлау сапасының төмендеуі ықпал етті. Қазір 747 оқу орталығы бар. 2018 жылдан бастап оларға лицензиялаумен рұқсат беру алынып тасталды. 2020 жылдан бері олардың қызметіне мемлекеттік бақылау жоқ. Дайындықтың төмен сапасы үшін әкімшілік жауапкершілік жойылған. Осының кесірінен оқу процесі формализмге айналды. Көп мектептерде керекті материалдық база жоқ. Талдау көрсеткендей, адам өліміне әкеп соқтырған апаттардың 50%-ы "өздері жүргізіп үйренгендердің" кесірінен болған (917-ден 449 жағдайда). Мемлекет бұл салада бақылауды жоғалтып алғанын мойындау керек, – деді Ахметжанов Үкіметтің жол қауіпсіздігі жөніндегі отырысында.

Биыл полиция 17,5 мыңнан астам мас жүргізушіні ұстаған. 20 мың жүргізуші басқару құқығынан айырылса, 16 мың адам әкімшілік қамауға алынған. 188 мыңнан астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынған.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жол ережесі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір