• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:26:31
+35°
 

АҚШ мемлекеттік департаменті Ресейде жүрген азаматтарын елден шұғыл кетуге шақырды. Хабарлама АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігінің сайтында жарияланды.

Мемлекеттік департамент 21 қыркүйекте Ресейде ішінара мобилизация басталғанын атап өтіп, қос азаматтығы бар тұлғалар Украинамен соғысу үшін әскерге шақырылуы мүмкін екенін мәлімдеді.

"Ресей қос азаматтығы бар азаматтарда АҚШ-тың азаматтығы барын мойындаудан бас тартып, консулдық көмекке тосқауыл қоюы мүмкін. Елден шығармай, әскери қызметке алып кетуі ықтимал" делінген мемдепартамент құжатында.

Қүжатта Ресейден шығу жолдары тарылып жатқаны, рейстер санаулы екені ескертіліп, құрлық шекарасы әлі жабылмағандықтан азаматтарды көлікпен немесе автобуспен елден кетуге үндейді

Мемлекеттік департамент сондай-ақ АҚШ азаматтарын Ресейге бармауға, Ресейдегі азаматтырын саяси, әлеуметтік наразылық акцияларына қатыспауға, қарулы күштерді суретке түсірмеуге шақырады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір