• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 07:02:06
Алматы
+35°

Премьер-министр Әлихан Смайылов елге келіп жатқан ресейліктерге жұмыс тауып беру керек деген сөзі әлеуметтік желіде жұртшылық наразылығын тудырған соң ақталуға мәжбүр болды.

Үкімет басшысы кеше көші-қон мәселелері жөніндегі кеңес өткізіп, ресейліктерді құтты қонақтай қарсы алуға, жағдайын жасауға бағытталған бірқатар тапсырма берген. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновға мигранттарды өңірлер бойынша орналастыру, жұмысқа тұру ықтималдығын қарастыру және кеңес беру мәселелерімен шұғылдануға тапсырды.

 

"Елдегі құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты күшейту, сондай-ақ келіп жатқан ресейліктерге жәрдем көрсету керек: ЕАЭО заңнамасына сәйкес оларды уақытылы тіркеп, еңбекпен қамту мәселелерін қарастыру қажет. Бұл орайда жалға берілетін тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдау маңызды" деген Әлихан Смайылов. 

Смайылов артынша facebook парақшасында жазба жариялап, берген тапсырмаларын қайталап өтті. Сол-ақ екен премьер-министр жазбасы азаматтардың наразы пікіріне толып кетті. Көпшілік наразылығы үкімет басшысы өз азаматтарын жарыта алмай жүріп, өзгені жұмыспен қамту керек дегені қай сасқаны деген сарында. Смайыловтың отставкасын талап еткендер де аз болмады.

Енді бүгін Смайылов айтқан сөздерінің өңін өзгертіп, ақталып жатыр.

Сөзінше, жиналыстағы мәліметтерге байланысты қоғамда дұрыс түсінбей жатқандар бар екен.
 
 
"Біз халықаралық міндеттерімізді орындай отырып, өз еліміз бен халқымыздың мүддесінен жоғары құндылық жоқ екенін ұмытпауымыз қажет. Ең маңызды мәселенің бірі – құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік. Сонымен бірге арендалық тұрғын үй бағаларының өсуінен өз азаматтарымыз қиын жағдайға тап болып отыр. Жауапты органдар тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтандыру бойынша тиісті шараларды қабылдау қажет. Оны біз кеше айттық. Еңбекпен қамту бойынша ең алдымен қазақстандықтардың жай-күйі, жұмыс жағдайы біз үшін приоритет. Барлық кәсіпорындар мен мекемелер осыны естен шығармау керек. Ал, көршілес елден келген мигранттар белгіленген заңнама шеңберінде ғана еңбек ете алады" дейді кешегі сөздерін жуып-шайғандай болып. 

Смайылов дау тудырған кешегі жазбасын да өзгертіп, ресейліктерге жәрдем көрсету,  еңбекпен қамту мәселелерін қарастыру қажеттігі туралы айтқандарын алып тастаған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Әлихан Смайылов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір