• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:17:20
Алматы
+35°

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан сепаратистік Донецк пен Луганск халық республикалары (Донбасс) мен Украинаның Херсон және Запорож облыстарын Ресейге қосу бойынша өтіп жатқан референдум нәтижесін мойындамайтынын меңзеді.

 

Айбек Смадияровтың пікірі анық әрі нақты болмағанымен, ол Қазақстан аумақтық тұтастық, халықаралық құқық қағидаларын берік ұстанатынын атап өтті. Осы принциптерге сүйенген батыс елдері референдумды легитимді емес деп, нәтижесін мойындамайтынын мәлім еткен. 

23 қыркүйекте Ресей әскері басып алған Украинаның Донецк, Запорож, Луганск және Херсон облыстарында Ресейге қосылу бойынша бес күндік "референдум" басталған. Процедура Украина тұрмақ Ресей заңына қайшы өтіп жатыр. Ресей заңы бойынша референдумға бастамашыл болып, ұйымдастырып, өткізу кемі төрт айды қамтуы керек. Украин заңы бойынша ел аумағына өзгеріс жалпыукраиндық референдумда ғана қарала алады.

Өзін тәуелсіз деп жариялаған ДХР мен ЛХР тұрғындарына "Ресей Федерациясының қатарына қосылуды қалайсыз ба" деген мазмұндағы бір ғана сауал қойылады. Ал басып алынған Запорож бен Херсон облыстары азаматарына үш сауал қойлады. Олар Украина құрамынан шығу, жеке мемлекет ретінде облыс болып құрылу және Ресей Федерациясының құрамына қосылу туралы болмақ.

 

Батыс сарапшылары Кремль референдум арқылы жоғарыда аталған аймақтарды өзіне қосып алғаннан кейін, Украинаның азат ету күресін өзіне жасалған агрессия ретінде бағалап, жалпыхалықтық мобилицация жариялауы мүмкін екенін айтады. Сарапшылар тіпті ядролық қару қолдану қатері арта түсуі мүмкіндігін де жоққа шығармайды.

Журналист, құқыққорғаушы Сергей Дуванов Қазақстан қол қойған Ресеймен әскери серіктестік туралы келісім-шарт пен ҰҚШҰ аясында Қазақстан Ресейге шабуыл жасалса, әскер жіберуге міндетті екенін мәлім еткен. Алайда референдум нәтижесін Қазақстан мойындамайтындықтан, референдумнан кейін Ресей жері деп танылған жерлердегі ұрыс Қазақстан үшін әскер кіргізуге себеп бола алмайды.
 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ресей-Украина соғысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір