• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:54:58
Алматы
+35°

Шешенстан президенті Рамзан Қадыров республикада мобилизация болмайтынын хабарлады. Оның айтуынша, Шешенстан бұл жоспарды 254 пайызға артығымен орындаған, деп жазды Настоящее Время басылымы.

Қадыров Украинаға қарсы соғысқа 20 мың шешен сарбазы қатысқанын айтты. Алайда 254 пайызға артығымен орындаған жоспардың қандай екенін нақтыламады. Артынша Қадыров Telegram-арнасында Қорғаныс министрлігінің жаңа бөлімшелері құрылуының арқасында аталған көрсеткішке ертерек қол жеткізілгенін жазды.

"Бұл механизм ішінара мобилизациялау жарияланғанға дейін жоспарланды. Бұдан бөлек қажет жағдайда республикада Отан алдындағы борышын өтеуге дайын 1000-ға жуық ерікті бар", деді Шешенстан президенті. 

Қадыров сондай-ақ 21 қыркүйекте әйелдер Грозныйда өткізбек болған мобилизациялауға қарсы митинг жөнінде де пікір білдірді. Қадыров митингке қатысқан 40 тұрғынның туыстары мобилизациялау кезінде әскерге жіберілгенін жеткізіп, митингке қатысатын кез келген тұрғынның күйеуі мен бала-шағасын әскердің алдыңғы қатарына қоятынын айтып, қорқытты. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір