• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:28:07
Алматы
+35°
 
Биыл Оқу-ағарту министрінің білім беру ісіндегі мемлекеттік стандарт жөніндегі бұйрығына сай, мектептерде сыныптар топқа бөлінбейтіндіктен, көптеген педагогтарға сұраныс болмайын деп тұр.
 
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы жаңашылдық салдарынан мыңдаған денешынықтыру пәні мұғалімдері керексіз болмай қалуы мүмкін екенін айтады.
 
"Енді дене шынықтыру сабағында сыныпты топқа бөлуге болмайды. Бұл қызметкерлердің қысқаруына әкеліп соғады. Мыңдаған дене шынықтыру мұғалімдері жұмыссыз қалуы мүмкін. Кәсіподақ Оқу-ағарту министрлігіне қысқа мерзімде жағдайды реттеу туралы шұғыл ұсынысын білдірді. Бізге еңбеккерлердің құқығын қорғауда заңда көзделген өзге тәсілдерге жүгіну қажеті болмайды деп үміттенеміз" делінген кәсіподақ хабарламасында.
 
Топқа бөлу әр мектепте әрқалай жүрген. Қазақ тілі, ағылшын, орыс тілі, информатика, дене шынықтыру пәндері топқа бөліп өтілетін сабақтардың қатарында болған.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір