• USD 475.51

  • EUR 464.15

  • RUB 8.2

  • CNY 66.85

04 Қазан, 17:05:36
Алматы
+19°

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қызметін атқарған Ерлан Қиясов жаңа лауазымға тағайындалды. Бұл туралы Ұлттық сараптама орталығы ресми сайтында хабарлады. 

"Ерлан Қиясов Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ұлттық сараптама орталығының Басқарма төрағасы болып тағайындалды", делінген хабарламада. 

Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. ҚазММУ, Орталық Азия университетін, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Тұран-Астана» университетін бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Алматы қаласындағы «Жедел жәрдем ауруханасының» жансақтау бөлімінде санитар болып бастады.

1997-1999 жж. Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Әуе көлігі орталық санитариялық-эпидемиологиялық станциясының санитар дәрігері, эпидемиологы болып еңбек етті.

1999 жылдан 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының құрылымында – санитариялық-эпидемиологиялық станциясының жалпы гигиена бойынша дәрігері, жедел бөлім меңгерушісі, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі,  «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК директоры, ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы меңгерушісінің орынбасары болды.

2020-2022 жж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қызметін атқарды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір