• USD 475.51

  • EUR 464.15

  • RUB 8.2

  • CNY 66.85

04 Қазан, 16:11:41
Алматы
+19°

Оқу-ағарту министрлігі аппаратының отырысында оқу жылын екі аптаға ұзарту мәселесі мақұлданды. Енді тек бұйрықты Әділет министрлігінде тіркеу ғана қалды.

Бұйрыққа сай, оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 35 оқу аптасынан (қазір 33 апта), 2-11 (12)-сыныптарда 36 оқу аптасынан (қазір 34 апта) тұрады.

1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күнді (31 қазан – 6 қараша аралығы), қысқы – 9 күн (31 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығы), көктемгі – 9 күнді ( 18-26 наурыз аралығы) құрайды

1-сыныптар қосымша 7 күн (2023 жылғы 6-12 ақпан аралығында) демалады.

Ол бойынша оқу жылы әдеттегідей 1 қыркүйекте басталып, 31 мамырда аяқталады. 1 маусымнан балалар каникулға шығады.

Министрлік қосымша екі оқу аптасын қосу арқылы оқу жылының ұзақтығын ұлғайту бір күндегі сабақтар санын қысқартуға, бес күндік оқу аптасын іске асыруға, "күрделі" тақырыптарды зерделеу қарқындылығын төмендетуге, білім беру процесін дамыта оқыту қағидаттарында ұйымдастыруға мүмкіндік береді деп санайды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: оқу жылы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір