• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 22:20:14
Алматы
+35°

Фото: Алматы қаласы "Қоғамдық келісім" мекемесінің баспасөз қызметі

Алматыда Мәжіліс депутаты Вакиль Набиев К. Қожамиярова атындағы Мемлекеттік Республикалық Академиялық Ұйғыр музыкалық комедия театрының басшылығымен және шығармашылық ұжымымен кездесу өткізді. Бұл туралы Алматы қаласы "Қоғамдық келісім" мекемесінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында мәжілісмен алдағы референдумның өткізілетіні туралы түсіндірді. Конституциялық реформалар, жалпы дауыс беру арқылы енгізілетін және қабылданатын түзетулердің мәні туралы егжей-тегжейлі айтып берді.​

– Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "конституциялық түзетулер жобасы бойынша азаматтардың жалпы дауыс беруі біздің демократиялық қағидаттарға берік ұстанымымызды көрсетеді. Алдағы референдум әрбір азаматтың Қазақстанның болашағын айқындайтын тарихи оқиғаға тікелей қатысуына мүмкіндік береді, деді Вакиль Набиев өз сөзінде.

Жиында шығармашылық зиялы қауым өкілдері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, Алматы қаласының мәдениетін дамыту үшін өз идеяларын ұсына алды.

Кездесу соңында театр бойынша экскурсия өткізілді, оның барысында қонақтар мекеменің жұмыс процесімен егжей-тегжейлі танысты. Қ.Қожамияров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театры директорының міндетін атқарушы ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ділмұрат Бахаров және ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі, ұйғыр театрының көркемдік жетекшісі Мұрат Ахмадиев конституциялық реформаларды және мәдениет саласын одан әрі дамыту мәселелерін талқылауда белсенді сөз сөйледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір