• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:22:41
Алматы
+35°

Ауыл шаруашылығы министрі Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте қант бағасы күз айларында төмендейтінін айтты.  Министр Ербол Қарашөкеевтің сөзінше, қант бағасы Ресейдегі экспортқа тәуелді. 

"Нарықта қант жеткілікті, бірақ баға нарықтық құнына қарай қалыптасады. Қыркүйек айынан бастап Ресей қант экспортына рұқсат береді деген болжам бар. Сол кезде қант бағасы төмендеп, тұрақталады. Сол себепті, алдағы тамыз айында қант бағасы жоғары болады деп ойлаймын. Кейін біртіндеп төмендеп, қалыпқа келеді", деді министр. 

Бұған дейін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев қант тапшылығын реттей алмаған Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаған еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір