• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:39:47
Алматы
+35°

Елде ескі несиелер кешірілуі мүмкін. Қаржы министрлігі осы мәселеге қатысты мән-жайды түсіндірді, деп хабарлады  "Хабар 24" арнасы. 

Бұған дейін халықтың несие портфелін мерзімі өткен берешектен тазарту үшін Бюджет кодексіне "Үмітсіз берешек" түсінігі енгізіліп, ол бойынша кредитордың талаптарын тоқтату ұсынылған болатын. 

Қаржы министрлігі бұл өзгеріс 90-шы жылдардағы өтелмеген қарыздарға қатысты екенін мәлімдеді.

Жобада борышкерлердің құқықтық жағдайы туралы ешқандай ақпарат жоқ. Әділет министрлігінің деректер базасында да олар туралы ақпараттың жоқ екені атап көрсетілген.

"Осыған байланысты, қолданыстағы бюджет заңнамасы аясында бар берешектерді өндіріп алу, сондай-ақ оларды есептен шығару бойынша одан әрі жұмыс жүргізу мүмкін емес. Мемлекеттен алынған қандай соманы есептен шығаратыны әзірге белгісіз. Бір анағы, қарыз алушылар мен растайтын құжаттарды іздеу жалғасып жатыр. Бірақ жыл басында қарыз шамамен 120 миллиард теңге болған. Ал Үкіметтің талаптарын тоқтату заңмен белгіленбеген" деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір