Фото:BBC
Киев қаласында өткен саммитте БҰҰ-ның қақтығыс кезінде болатын жыныстық зорлық-зомбылық жөніндегі арнайы өкілі Прамилла Паттен ресейлік әскер тарапынан жасалған зорлау оқиғалары туралы мәлімдеме жасады, деп жазады BBC. Оның айтуынша, Ресей мен Украина арасындағы соғыс басталғаннан бері БҰҰ-ға ресейлік әскер зорлық-зомбылық жасағаны туралы 150 шағым түскен.
"Біз тек айсбергтің бір бөлігін көріп отырмыз. Бүгінге дейін Украинадағы балаларға, әйелдерге және еркектерге жасалған зорлық-зомбылық жөнінде 150 шағым түсті. Мұндай оқиға кез келген адамның өмірінде жазылмас жара болып қалатыны анық. Сондай-ақ отбасының бұзылуына әсер етіп, келешек ұрпаққа да зиян тигізеді", деді Прамилла Паттен.
Аталған саммит Украина президенті Владимир Зеленскийдің әйелі Елена Зеленскаяның ұйымдастыруымен өткен. Іс-шараны Владимир Зеленский ашты. Аталған жиынға Түркия, АҚШ, Канада, Испания, Литва президенттерінің әйелдері де қатысты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір