• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:41:46
Алматы
+35°

Қаржылық мониторинг агенттігі рейдерлік тәркілеумен айналысқан бір топ адамның әрекетін тоқтатқанын хабарлады. 

Агенттік мәліметінше, 2022 жылғы 14 шілдеде бірнеше адам қылмыстық кодекстің 128-бабына сәйкес қылмыстық іс-әрекет эпизодтарының бірі бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Олар:

- Танашев Тимур Сержанұлы, 1983 жылы туған;
- Бабаев Рауан Тимурұлы, 1992 жылы туған;
- Алтыбасаров Аңсар Мұратұлы, 1990 жылы туған;
- Абижанов Дастан Мәдиұлы, 1977 жылы туған.

15 шілдеде Алматы қаласы мамандандырылған тергеу соты аталған азаматтарды 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.
  
"Сонымен бірге, сот Қоспаев Елдос Айдынғалиұлына іздеу жариялап, қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын таңдады. Қоспаев Айдос Айдынғалиұлы мен Шалин Руслан Евгениевич күдікті деп танылды. Құрметті азаматтар! Егер сіз аталған тұлғалардың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен болсаңыз, Қаржылық мониторинг агенттігінің сенім телефондарына немесе аумақтық экономикалық тергеу басқармаларына хабарласуыңызды сұраймыз." дейді агенттіктегілер.

Orda.kz басылымы Елдос Қоспаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың оң қолы екенін, сәуір айында елден кеткеннен әлі келмегенін жазады. Басылым дерегінше, Қоспаев аталған істегі басты күдікті болуы мүмкін.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Рейдерлік тәркілеу

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір