• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:18:09
+35°

Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыдағы Абай алаңында «TARTYL FEST – 2022» турникетінде тартылу бойынша жарыс өтуде. Фестиваль еліміздің барлық өңірлерінде 10 шілде мен 6 қыркүйек аралығында өтеді. Шараны ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Дара» таланттарды қолдау қоры.

Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта Алматыда 500-ден астам әуесқой-спортшылар тіркелген. Қатысушылар салмағы мен жасына байланысты тоғыз санат бойынша өнер көрсетеді.  Жеңімпаздар 17 шілде күні кешке фестиваль аяқталғаннан кейін анықталады.

Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Фестиваль Қонаев қаласында басталып, Талдықорғанда жалғасты. Алматы жарыс өткен үшінші қала болды. Қазақстанның 20 қаласының жеңімпаздары (9 санат бойынша) 8 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Гранд-финалға қатысады. Әр қаладағы жүлде қоры: 1 орын - 200 000 теңге; 2 орын - 100 000 теңге; 3 орын - 50 000 теңге. Гранд-финалдың жүлде қоры: 1 орын - 3 миллион теңге; 2 орын - 2 миллион теңге; 3 орын-1 миллион теңге. Гранд-Финал чемпиондары Street Workout бойынша әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір