• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:20:14
Алматы
+35°

Еңбек нарығындағы жағдай тұрақты. Жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ды құрайды. Жыл басынан бері 17,1 мың, оның ішінде 7,3 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Алматы әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осындай көрсеткіштерді жария етті.

Оның айтуынша, еңбек ресурстарының барынша тартылуын қамтамасыз ету үшін жаңа сапалы жұмыс орындарын құру жөніндегі жүйелі шараларға көшу жүзеге асырылады.

«Осы жылдың І жарты жылдығында шамамен 19,5 мың адамға 804 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. 15,8 мың мүгедек адам 2,6 млрд теңгеге оңалту құралдарымен және қызметтерімен адам қамтамасыз етілді. 429 млн теңгеге 48 мың адам әлеуметтік жобалармен қамтылды. Жалпы, 2022 жылы 52,2 мың жұмыс орны құрылады, оның 70%-ы тұрақты жұмыс орындары», - деді Досаев.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: алматы Е.досаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір