• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:53:03
Алматы
+35°
Талдықорған қалалық сотында Талдықорғандағы Назарбаев ескерткішін қиратты деп айыпталған Жетісу облысының 38 жастағы тұрғыны Азамат Батырбаевқа қатысты үкім шықты, деп жазады sputnik.kz
 
"Тергеу материалдары мен сотталушының өз кінәсін мойындағаны туралы процессуалдық келісім сотқа түсті. Сот шешімімен ол шартты түрде 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Осы мерзімде сотталушыға пробациялық бақылау жасалады" деп хабарлады Талдықорған қалалық соты.
 
Еске сала кетейік, 38 жастағы Азамат Батырбаев қаңтарда Талдықорғанда болған тәртіпсіздікке қатысқаны үшін жауапқа тартылды. Ол 2016 жылы орталық алаңда орнатылған Назарбаев ескерткішін бұзу кезінде жүк көлігін жүргізген.
 
Кейінірек Батырбаев тегеу изоляторында аяусыз азаптаған. Оның денесін үтікпен күйдіріп, сабаған. Қазіргі уақытта азаптау фактісі бойынша полиция қызметкерлерінің бірі ұсталып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір